Бейінді сыныптарда оқыту мемлекеттік және орыс тілдерінде жүзеге асырылады.
Ол қала мен өңірдегі еңбек нарығының қажеттіліктеріне бағытталған нақты бейінді бағыттарға бағдарланған:

  • педагогика,
  • медицина ісі,
  • IT,
  • авто ісі.

ОӨК бейіндік мектебінің түлектері:

  • колледждерде оқи алады,
  • ЖОО-да жоғары білім ала алады,
  • жұмысқа орналаса алады.

Бейінді пәндерді оқыту үшін ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумдар жасалған колледждер мен қаланың жоғары оқу орындарынан тәжірибелі педагогикалық кадрлар жұмылдырылған:

  • ҚАЕУ,
  • Д.Серикбаев атындағы ШҚМТУ,
  • С.Аманжолов атындағы ШҚМУ,
  • Өскемен жоғары медициналық колледжі,
  • «Квансон» Қазақстан-Корей колледжі,
  • ҚАЕУ колледжі.

Бейінді мектепте оқытудың жоғары сапасын білікті педагогикалық кадрлар мен ауқымды материалдық-техникалық база қамтамасыз етеді.

Бейіндік мектептің қызметі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңына (31-бап, 2-тармақ), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 22 ақпандағы № 50 «Білім беру ұйымдары түрлерінің номенклатурасын бекіту туралы» бұйрығына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 375 «Жалпы білім беру ұйымдарының (бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру) түрлері бойынша қызметтің үлгілік қағидаларын бекіту туралы»  (07.04.2020 ж.жағдай бойынша) бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

Бет өзгертілді: 14-03-2022