Бейіндік сыныптар

Сұрақ: ОӨК бейіндік сыныптары қарапайым мектеп сыныптарынан несімен ерекшеленеді?
Жауап: жалпы білім беретін пәндермен қатар оқушылар бейіндік пәнді (болашақ мамандық негіздері) және тиісті мектеп пәндерін оқиды.

Сұрақ: ОӨК бейіндік сыныптарына қабылдау қай сыныптан басталады?
Жауап: ОӨК мектебіне қабылдау 10 сыныптан бастап жүзеге асырылады.

Сұрақ: оқыту қай тілде жүргізіледі?
Жауап: оқыту 2 тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс тілдерінде.

Сұрақ: мектептеріңізде оқу ақылы ма?
Жауап: ОӨК бейіндік сыныптарында оқыту тегін.

Сұрақ: бейіндік сыныптарға түсу үшін емтихан немесе тестілеу тапсыру қажет пе?
Жауап: жоқ, оқушыларды мектепке қабылдау тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау арқылы жүзеге асырылады

Сұрақ: Мектеп бітіргеннен кейін оқушылар қандай құжаттар алады?
Жауап: Түлектер мектепті бітіргені туралы құжатпен (аттестат) қатар бейінді бітіргені туралы куәлік алады.

Сұрақ: Сыныптан тыс уақытта мектепте қандай іс-шаралар жоспарланған?
Жауап: Спорттық секциялар, үйірмелер, салтанатты іс-шаралар, тақырыптық ойын-сауық кештері, байқаулар. Фотосуреттер мен тізімді «Мектеп өмірі» парақшасынан көруге болады.

Сұрақ: Менің балам қандай жағдайларда тамақтану жеңілдіктерін ала алады?
Жауап: Тамақтану бойынша жеңілдіктерді қамқорлықтағы оқушылар, сондай-ақ көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар алады (тиісті құжаттарды ұсынған кезде).

 

Бет өзгертілді: 08-12-2020