Кешкі мектеп

Сұрақ: кешкі мектеп сыныптарында кім білім алады?
Жауап: кешкі мектептің сыныптарында кәмелетке толмаған және кәмелетке толған оқушылар оқи алады.

Сұрақ: Оқушыларды кешкі мектепке қабылдау қандай құжаттар негізінде жүргізіледі?
Жауап: Кәмелетке толған оқушылар – өтініш негізінде, кәмелетке толмағандар – Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтары жөніндегі комиссияның қаулысы негізінде.
Сұрақ: кешкі сыныптарға түсу үшін емтихан немесе тест тапсыру қажет пе?
Жауап: жоқ, оқушыларды мектепке қабылдау тізілімге сәйкес құжаттарды қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

Сұрақ: оқыту қалай жүргізіледі?
Жауап: кешкі мектептің кәмелетке толған оқушыларының көпшілігі жұмыс істейтінін ескере отырып, оқыту кешкі уақытта - сағат 16.30-дан бастап жүргізіледі. Жеке кесте бойынша оқуға болады (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда).

 

Бет өзгертілді: 08-12-2020