Дөңгелек үстел

2021 жылғы 22 сәуірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын Тәрбиелеудің тұжырымдамалық негіздерін іске асыру шеңберінде өткізілетін «Еңбек елдің мұраты» кәсіби бағдарлау жұмысы бойынша қалалық дөңгелек үстел өтті.

Іс-шараның ұйымдастырушылары: «Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ және «Бейіндік мектебі» КММ.

Дөңгелек үстел жұмысына қаланың білім беру ұйымдары директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, жоғары оқу орындарының (ҚАЕУ,                        С. Аманжолов атындағы ШҚУ, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ) өкілдері және ШҚО Халықты жұмыспен қамту және Кәсіптік білім беру орталығының мамандары қатысты.

Кәсіби бағдарлау кездесуі барысында мектептер, колледждер, жоғары оқу орындары, ШҚО КОО және ХЖҚО кәсіби бағдарлау жұмыстарының мәселелері қаралды.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша сөз сөйлеушілер ұсынған ақпаратты және барлық айтылған ұсыныстарды ескере отырып, бірлескен кәсіби бағдарлау қызметі бойынша ұсынымдар жасалды, сондай-ақ 2022-2023 оқу жылына кәсіптік бағдарлау жұмысын бірлесіп жоспарлау бойынша жұмыс тобы ұйымдастырылатын болады.