Мектепте кәсіптік бағдар беру жұмысының тәжірибе алмасуы бойынша өткізілген семинар
2021 жылғы 24 қарашада «Бейіндік мектебі» КММ-ның кәсіптік бағдарлау жұмысы, мониторинг, диагностика және кеңес беру орталығы онлайн режимінде мектепте кәсіптік бағдарлау жұмысының тәжірибесімен алмасуы бойынша дәстүрлі семинар өткізді.
Іс-шараға Өскемен қаласы білім беру ұйымдарының кәсіптік бағдарлау жұмысына жауаптылар қатысты.
Оқушыларды кәсіптік бағдарлау саласында өз қызметтерін:
- Акулова Ирина Юрьевна («М. Әуезов атындағы № 17 орта мектебі» КММ),
- Ксембаева Әсел Жұмаділқызы (Шәкәрім атындағы «№1 орта мектебі» КММ) ұсынды.
Қатысушылар сертификаттармен марапатталды.
Сондай-ақ, семинарда 2021-2022 оқу жылына кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша іс-шаралар өткізу туралы мәселе қаралды.